RU KZ

Компанияның міндеті
Компанияның міндеті — тұрғындардың басым көпшілігіне ипотекалық несие беру жолымен халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді көтеру, «Бәсекелестікке қабілетті Қазақстанға, бәсекелестікке қабілетті экономикаға, бәсекелестікке қабілетті ұлтқа» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Қазақстан халқына арналған жолдауындағы жоспарлар мен міндеттерді және бәсекелестікке біршама қабілетті 50-ге тарта әлем елдері қатарына Қазақстаннның ену стратегиясын орындау.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы көлеміндегі ипотекалық несие беруге қол жеткізудің жоғарылығына бағытталған тұрақты және серпінді дамыған қаржы институты болып табылады.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ міндеті төмендегідей сипатта анықталатын басты мақсаттарға байланысты:
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын табысты жүзеге асыру;
Компания бағдарламалары бойынша ипотекалық несие беру үрдістерін стандарттау және бір ізге салу;
Ипотекалық несие беру жүйесін дамытуды жетілдіру;
Өз өнімдерінің сапасын арттыру, кәсібиліктің жоғарғы стандарттарын қолдау;
Компания кірісін ұлғайту жолымен ұзақ мерзімді акционерлік құнды ұлғайту;
Ипотекалық несие беруде жетекшілік ұстанымын сақтау.