![]() |
|
|
|
|
Тарихы
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап қаржы нарығында қызмет атқарып келеді. Компания қызметінің негізгі мақсаты ипотекалық несиелендіру көлемін ұлғайту, пайыздық мөлшерлемені төмендету арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктер сияқты ипотекалық тұрғын үй қарызын беру болып табылмайды, негізгі рөлі - ипотекалық нарықты құру мен реттеу. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ бағдарламалары бойынша несиелер банк-серіктестер арқылы беріледі. Осындай банктерге екінші деңгейдегі банктер және банк қызметінің жекеленген түрлерін іске асыратын ұйымдар жатады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметтерінің негізгі бағыттары банктермен берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап құқықтарын сатып алу, сондай-ақ ипотекалық несиелендіру үшін ұзақ мерзімді қорларды тарту болып табылады, оның ішінде меншікті ипотекалық бағалы қағаздарды шығару арқылы да. Қазақстан Ипотекалық Компаниясы дүниежүзіндегі ең үздік тәжірибені үлгі етіп алды және американдық Fannie Мае және малазиялық Cagamas Berhad сияқты белгілі дүниежүзілік компаниялар нұсқасы бойынша құрылған болатын. 2001 жыл – Қазақстан Республикасында бірінші ипотекалық несие берілген жыл. Дәл осы кезеңнен бастап біздің мемлекетімізде ипотекалық несие беру тарихы өз есебін бастады. Осы несие Қазақстан Ипотекалық Компаниясының бағдарламасы бойынша берілгендігін ескере кеткен жөн. Қазақстан Ипотекалық Компаниясы 2002 жылы ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ипотекалық облигация шығарды. 2002 жылдың қараша айында «Қазақстан Қор Биржасы» ЖАҚ Биржалық Кеңесінің шешімімен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның облигациялары «А» санаты бойынша ресми тізімге енгізілген болатын. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның қаржы агенттігі мәртебесін алуы 2003 жылдың маңызды оқиғасы болып табылады. 2004 жылы Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жетімді тұрғын үйге ипотекалық несие берудің Арнайы бағдарламасы әзірленді және қабылданды. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қаржы операторы рөлін атқарады және ипотекалық облигациялар шығарады, сонымен қатар еліміздің тұрғындарын 146,1 млрд. теңге көлемінде ипотекалық несиемен қаржыландыруы тиіс. 2010 жылы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" еншілес ұйымы "ҚазИпотека" ИҰ» АҚ-ымен қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы мәртебесін және тұрғындарға ипотекалық несие беруді тікелей жүргізу құқығын алды. Қазіргі кезде "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ Қазақстанның барлық аймақтарында өз қызметін іске асырады. Тұрғындардың басым көпшілігін қол жетімді ипотекалық тұрғын үй қарыздарымен қамтамасыз ету мақсатында пайыздық мөлшерлеме деңгейін төмендету және ипотекалық тұрғын үй қарыздарының мерзімін 20 жылға дейін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілді. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам. ҚР Қаржы министрлігі атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі Компанияның акционері болып табылады. "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік құрылым. |

|
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 98 Call-centre: +7 (727) 341-72-22, 344-12-22, Tel/fax: +7 (727) 341-73-00, 344-13-00 E-mail: kmc@mail.online.kz |
Neolabs Web Solution студиясымен құрастырылған |
