RU KZ

Басқарма
ИБАДУЛЛАЕВ АЗАМАТ АМАЛҰЛЫ
Басқарма төрағасы
1974 жылы 19 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласында дүниеге келген.
2001 жылдың желтоқсан айынан бастап 2002 жылдың желтоқсан айына дейін - ЖАҚ «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорының» Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары;
2002 жылдың желтоқсан айынан бастап 2003 жылдың қазан айына дейін – ЖАҚ «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорының» Басқарма төрағасы;
2003 жылдың қазан айынан 2004 жылдың сәуір айына дейін – Астана қаласының қаржы салымы мен сыртқы экономикалық байланыс департаментінің директоры;
2004 жылдың маусым айынан бастап 2006 жылдың ақпан айына дейін – АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» Басқарма Төрағасының Орынбасары;
2006 жылдың ақпан айынан бастап – АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» Басқарма Төрағасы;
Республиканың дамуына және егемендігінің нығаюына көп үлесін қосқаны үшін, сонымен қатар ҚР тәуелсіздігі 10 жылдығының аталып өтілуіне байланысты «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.
ДОСМУХАМЕТОВ БОЛАТ СЕЙЛХАНҰЛЫ
Басқарма Төрағасының орынбасары
1974 жылы 9 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келді.
1997 жылдың ақпанынан шілдеге дейін – «Түркістан» ҚӨК кеңесші-заңгері;
1997 жылдың шілдесінен 2000 жылдың сәуіріне дейін –«Нефтехимбанк» ААҚ ЕБ проблемалық несиелер бөлімінің заңгері, проблемалық несиелер бөлімінің бастығы;
2000 жылдың сәуірінен 2001 жылдың ақпанына дейін – «Орда Кредит» ЖАҚ НС Заң департаменті директорының орынбасары;
2001 жылдың наурызынан қарашасына дейін – «НК групп» ААҚ Заң мәселелері бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары;
2002 жыл мен 2004 жыл аралығында – «Қазақстан Индустриалдық Банкі» ААҚ заң бөлімінің бастығы, Басқарма Төрағасының орынбасары;
2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Шымкент қаласындағы «Альянс-Банк» АҚ филиалының директоры;
2009 жылдың қыркүйегінен бастап қарашаға дейін – «Оңтүстік Қаржы Компаниясы» АҚ вице-Президенті;
2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың сәуіріне дейін - «Қазақстан HSBС Банкі» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі Департаментінің директоры;
2008 жылдың шілдесінен 2010 жылдың сәуіріне дейін – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Директорлар кеңесінің аудиты бойынша Комитет Төрағасы;
2010 жылдың сәуірінен бастап – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
ЖУМАБЕКОВ СЕРЖАН ЛЕСБЕКҰЛЫ
Басқарма Төрағасының орынбасары
1979 жылы 02 маусымда туылды
2002 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің Заң басқармасының бас маманы;
2002 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті коммерциялық заңнама бөлімінің бастығы;
2003 жылғы тамыздан бастап – «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары, бөлім бастығы;
2008 жылдан бастап – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Заң департаментінің директоры, Аппарат басшысы лауазымдарында жұмыс істеді;
2011 жылғы қыркүйек айынан бастап - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
ҚАЛТАЕВ ҒАЛЫМЖАН ӘНУАРБЕКҰЛЫ
Басқарма мүшесі, Басқарушы директор 1974 жылы 15 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.
1995 жылдан бастап 2007 жыл аралығында құқық қорғау органдарында, оның ішінде басшылық лауазымдарды атқарды;
2007 жылдан бастап 2008 жылға дейін «Медетші қоры» АҚ Вице – Президенті;
2008 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ корпоративтік хатшысы;
2009 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Салықтық құқық бұзушылықтарды талдау басқармасының бастығы;
2009 жылдың шілдесінен айынан бастап - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.
2010 жылғы қыркүйек айынан бастап - «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры.