![]() |
|
|
|
|
|
2008 ақпан
Республикалық іскерлік «Бизнес и власть» апталығы
http://www.and.kz/145/Razgosudarvlenie ҚИК Мемлекет иелігінен шығару Биржада Қазақстан ипотекалық компаниясының 10% акциясын орналастыру бұл мемлекеттен компанияға бақылауды нарықтың кәсіби қатысушыларына берудің алғашқы қадамы ғана, -деп айтқан болатын ҚИК басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев «&» берген сұхбатында. - Азамат Амалович, ҚИК наурыз айында ААҚО арнайы сауда алаңында IPO орналастыруды жоспарлап отыр. Сіз ағымдағы кезең орналастыру үшін сәтті уақыт деп санайсыз ба? - Біз нарықтық экономикасы бар елде тұрамыз, сондықтан мемлекетке нарықтың басқа субъектілеріне бәсекелестерді жасаудың қажетті қанша? деген сұрақ туындайды. Сондықтан үкімет акцияларды орналастыру туралы қаулы қабылдады. Акциялары нарыққа ұсынылатын компаниялар тізімінде, біздің құрылымнан басқа 30 жуық компания бар. ҚИК шешімі бойынша оларды ұйымдастырылған нарықта сату арқылы акцияларының қосымша эмиссиясының 10% орналастыруы тиіс. Орналастыру үшін тағайындалған пакет көлемінің аз болуының себебі ҚИК нарықта аса қымбат нысан болып табылады, және сондықтан да егер көп акциялар саны сатылатын болса нарық осы соманы бірден «қабылдай ала ма» деген сияқты нақты сұрақтар туындайтын болады. Осыған сәйкес мемлекет нарыққа қатысушылардың арасында бағалы қағаздарды орналастыру арқылы компанияда өз үлесін біртіндеп азайтады деп шешілді. Тағы бір маңызды кезең - саяси. ҚИК ипотека нарығында 12-пайыздық үлесті бақылайтын стратегиялық объект болып табылады. Жалпы кепіл беру нарығында бұл үлес 35-38%, ал 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша кепіл нарығында 100% құрайды. Жалпы алғанда, негізгі ой: бірден ҚИК 100% акциясын немесе бақылау пакетін сатуға болмайды. Бірақ мемлекет нарыққа белгілі бір шарттарды орындау кезінде акциялар пакетінен бас тартуға дайын екендігі туралы белгі беруі тиіс. Біздің Компанияның қағаздарын орналастыру бұл халықтық IPO емес екендігін атап айтқым келіп отыр, өйткені бұл бірінші кезекте нарыққа кәсіби қатысушылар үшін қызығушылық тудырады. Менің ойымша, ҚИК акциялары Қазақстан қор биржасының қағаздары сияқты сатыла алады, нарыққа қатысушылардың өздері ҚИК акцияларына иеленіп, оның қызметін реттеп отыру үшін. Алдын ала ескертілгендей, біз орналастыру барысында тартуға ниет білдірген $22 млн., - бұл біз бағалайтын компания акцияларының атаулы құны. Бұрын алаңда ҚИК акцияларының бағасы белгіленбегендіктен, бағалау атаулы құны бойынша жүргізіледі. Егер қағаздардың бағасы көтерілетін болса, әрине, онда компания капитализациясы өседі. Осы компанияның басшысы ретінде маған орналастырудың қымбат болғаны жақсы, бірақ алғашқы орналастыру акциялардың нақты құнын береді деген дәлел емес. Міне екінші орналастыру компанияның нақты құнын бағалауға мүмкіндік береді. Біз компанияға толық талдау жүргізіп болғаннан кейін наурыз айының бастапқы он күнінде халыққа жариялаймыз. - Өткен жылдың соңында сіздің компания аса пайдалы талаптармен Credit Swiss $100 млн. қаржы тартты. Сіздің 2008 жылға қаржы беру бойынша қандай жоспарыңыз бар? Оны қандай нысанда іске асыру жоспарланып отыр? - Біз осы жылы ішкі нарықта 35-38 млрд. теңге қарыз алуды жоспарлап отырмыз. Бұл сома нарық несиелері бойынша талап құқықтарын банктен сатып алуға, сондай-ақ 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілген несиелер бойынша компанияның ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл сома өсу жағына қарай түзетілуі мүмкін, барлығы нарықта жағдай қалай қалыптасуына байланысты. Сыртқы қарыз алуға байланысты айтатын болсақ, онда біз $200 млн. евробонд түрінде қаржыны тартуға байланысты мүмкіндікті байқап қалдық. Бірақ сыртқы нарықтағы келеңсіз жағдайларға байланысты бұл орналастырулар жүргізілмеуі де мүмкін. Егер біз 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысқан жағдайда ғана бұл қаржы біздің компанияға керек болатындығын айтқым келеді. Бірақ қазір біз осы бағдарламаға қатыса алмайтынымыз туралы мәселе талқыланып жатыр. Мемлекет басшысының тиісті өкімі шыққаннан кейін біз өзіміздің бизнес- жоспарымызға түзетулер енгіземіз. Сонымен қатар сыртқы нарықта біз тартатын қаржы мөлшерлемесі біз үшін өте маңызды. Мәлім болғандай, ол өсті, халықаралық капитал рыноктарындағы дағдарыс уақытында болса да біз алғашқы қарызды жеңілдік мөлшерлеме бойынша тарттық. Компанияны мемлекет бюджетінен капитализациялау бізбен қарастырылмайды. Мен сыртқы нарықта мүмкіндіктерді белсенді іздеу керектігі туралы айтқан қаржы министрі Болат Жамишевпен келісемін. - Қазақстандағы тұрғын үй нарығы бойынша сіздің болжамыңыз қандай? Сіздің ойыңызша бағаның төмендеуі ипотекалық қарыздар бойынша төлемдерді төлемеуге алып келмей ме? - Ұлттық банк басшысының бағалауы бойынша халықтың қолда бар сомасы шамамен $20-23 млрд. құрайды, олардың бестен бір бөлігі ғана ипотека нарығын жіберуге мүмкіндік беретін еді. Бірақ біз қазір сатып алушылар мен сатушылардың нарықтағы жағдайдың өзгеруін, барлығының жылжымайтын мүлікке әділ бағаның белгіленетін күтіп отырғанын көріп отырмыз. Ипотекалық несие бойынша көпшіліктің төлемей қоюы болмайды деп ойлаймын. Бұл жылжымайтын мүлікпен алыпсатарлық операциялар жүргізілген жағдайда ғана болуы мүмкін. Сондықтан ипотека қоржынында қанша мәміле алыпсатарлық және қанша мәміле сол тұрғын үйді шынымен қажет ететін адамдармен жасалған соны қарау қажет. Бұл көрініс реттеп отырушы мен бақылаушыға жасқа көрініп тұрады. Құрылыс компанияларының жағдайы қазір оңай емес, сондықтан үлестік құрылысқа қатысқан қарыз алушылармен болып жатқан қиындықтарды мен алып тастамаймын. Бірақ мемлекет тарапынан жасалған көмектер туралы ұмытпаған жөн. Бүгінгі күні үкімет құрылысқа қаражат бөлуден ақырындап алшақтауда және ипотекалық несие беру нарығын белсендіру бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр. Бұл үрдіс жақын арада басталады, қазірдің өзінде кеңес беру жұмыстары жүргізіліп жатыр, оған ҚИК қатысуда. Дүние жүзінде мамандандырылған ипотекалық компаниялар мен тұрғын үй банктері осы нарыққа қатысатын негізгі ойыншылар болып табылады. Қазақстанда әмбебап банктері осы нарықтағы негізгі ойыншылар болып табылады, ал бұл кезеңде ипотекалық компаниялар онда аз ғана рөл ойнайды. Ипотекалық компаниялар нарықта, сондай-ақ банктермен бәсекелесе алатындай бізде бағдарлама бар, сол арқылы біз ипотекалық компанияларды өсіруге тырысамыз. Егер тікелей ҚИК туралы айтатын болсақ, онда біздің ссудалық қоржын бойынша несиені төлеуден бас тарту мүмкін емес, өйткені біз кері талап қою құқығынан қорғанғанбыз, себебі біз қарыз алушылармен емес, тек қана банктермен жұмыс істейміз. ҚИК жүйелілік дефолт кезінде ғана банкротқа ұшырауы мүмкін. Ал бұл мемлекет үшін мүлде мүмкін емес сценарий. - Арабтың Dubai International Capital қаржыландыру қоры Қазақстанда ипотекалық банк құру мүмкіндігі туралы өтініш білдірді. Үкіметте ҚИК базасында осындай банк құру мүмкіндігі қарастырылды. Осы жобаның шынайы іске асырылу мүмкіндігі қандай? - Бұл мүмкіндіктердің біреуі еді. Dubai International Capital Дубай үкіметіне тиесілі жекеменшік қаржыландыру қоры болып табылады, олар бірнеше жобалар бойынша, оның ішінде ипотекалық банк құру жөнінде бірлесіп қызмет істеуге ниеттерін білдірді. Бірақ бүгінгі таңда бұл келісім-шарттар қандай да болмасын нәтиже бермеді. - Осындай банктерді құру қажет пе? - Егер біз нарықтық қатынастарды дамыту бағыты бойынша жүретін болсақ, онда мүмкіндігінше ойыншылардың көп болғаны дұрыс. Нарықтың нақты сегменттеріне қызмет көрсететін, мамандандырылған ұйымдарды құру қажет. Мүмкін, мемлекеттің қатысуынсыз тұтынушыларға несие берумен айналысатын компаниялар пайда болуы керек шығар, ал банк өздері нақты секторды несиелендірумен айналысатын болады. Бұл қаржы институттары осы сегменттердегі операцияларды жабу керек дегенді білдірмейді. Сол бөлшектеп қызмет көрсету саласында олардың бірнеше ойыншылар тұлғасында бәсекелестері болады. Бұл бірінші кезекте қызмет көрсетудің жақсаруына және мөлшерлеменің төмендеуіне ықпал етеді. Ипотека нарығында да дәл солай қатаң бәсекелес болуы тиіс. Әрбір қазақстандық барынша көп таңдауға ие болуы тиіс. Ойыншылар неғұрлым көп болса, соғұрлым нарық сапалы және толыққанды болады. Айнура КАРГАЛИНОВА 15.02.08 |

|
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 98 Call-centre: +7 (727) 344-12-22, Tel/fax: +7 (727) 344-13-00 Skype: kik_callcentre E-mail: kmc@mail.online.kz |
Neolabs Web Solution студиясымен құрастырылған |
