RU KZ

Наурыз
«Хабар»агенттігі 16.03.2010 сағ.18:23 http://www.khabar.kz/index.cfm?id=100621
Бизнес-шолу
Мемлекеттік қазақстан ипотекалық компаниясы өз қарыз алушыларына көмектеседі. Бүгіннен бастап арнайы акция жүргізіледі, бұл ипотека бойынша мерзімі өткен берешектері бар азаматтардың өз қарыздарын қайта құрылымдауына мүмкіндік береді.
Батыржан Алибаев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ Тәуекелдік менеджменті басқармасының бастығы:
- Біз біріншіден, мерзімін өткізіп алған берешектердің төлемақы өсімін есептен шығарамыз, екіншіден қарыз алушыларға мерзімін өткізіп алған берешектерді капиталға айналдыру немесе амортизациялау жолымен үш жылға дейін өтеуге мүмкіндік береміз. Өте қажет жағдайда, сонымен қатар қарыз алушыға 1 жылға дейін төлем мерзімін ұзарту ұсынылуы мүмкін.
Талаптарға сәйкес Акция кері сатып алу құқығысыз ҚИК-пен сатып алынған қарыздарға сонымен қатар Компанияның сенімгерлік басқаруындағы қарыздарға беріледі. Бірінші кезекте бұл 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларға қатысты.
Батыржан Алибаев, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Тәуекелдік менеджменті басқармасының бастығы:
- Яғни, Компания қоржыны шартты түрде екіге бөлінеді. Біріншісі – банк-серіктеспен кері сатып алуды талап ету құқығымен, яғни мұндай жағдайда барлық несие тәуекелдігіне банк жауап береді және берешек бойынша мерзімін өткізіп алу 60 күннен асқан жағдайда, банк бұл қарыздарды кері сатып алуды жүргізеді.
Қоржынның екінші бөлігі – кері сатып алу міндетті болып табылмайтын қарыздар. Яғни мұндай жағдайда барлық тәуекелдікдікті компания мойнына алады. Сондықтан бұл қарыздар Компанияның қарыздары болып табылады, яғни біз бұл қарыздарды толығымен жүргіземіз және бұл акция осы қарыз алушылар үшін. Қарыздарды қайта құрылымдау осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін созылады. 5 ай ішінде клиенттер айыппұл санкциясы қолданылмайтын қосымша мерзімі ұзартылған төлем кестесін алуға өтініш беру арқылы Компанияға хабарласуына болады. Қазіргі кезде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қоржынындағы проблемалық қарыздар үлесі 2,5 пайыздан асады. Бұл шамамен алғанда 600 қарыз алушы. Салыстырмалы түрдегі төмен көрсеткішті мамандар кертартпа тәсіл мен несие беру кезіндегі қатал талап етудің әсері деп түсіндіреді.ника Сабитоваоника Сабитовавторы: Вероника Сабитова