RU KZ

Мамыр
«TODAY.KZ»
25.05.2010жыл
http://www.today.kz/ru/news/economics/2010-05-25/pribyl1
2010 жылдың бірінші тоқсанында ҚИК-тің таза табысы 260,67 млн теңгеге дейін өсті.
2009 жылғы ұқсас кезеңдегі 3 миллиард 981 миллион 626 мың теңге мөлшеріндегі залалға қарсы 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ (ҚИК) таза табысы 260 миллион 670 мың теңгені құрады деп хабарлады сейсенбіде ҚИК-тің баспасөз қызметі. Сонымен қатар 2010 жылғы 1 тоқсанда компанияның жалпы кірісі 2 миллиард 746 миллион 739 теңгені құрады, ал активтері 2010 жылғы 1 сәуірде 102 миллиард 210 миллион 104 мың теңгені құрады және 2009 жылдың соңымен салыстырғанда 0,2%-ға кеміді. Жарғы капиталы өзгерген жоқ және 28 миллиард 932 миллион 661 мың теңгені құрады.
2010 жылғы 1 тоқсанда жалпы сомасы 5 миллиард теңге облигациялық бағдарламалар шегіндегі облигациялардың екінші шығарылымы компаниямен өтелді. 2010 жылғы 1 тоқсанда жалпы сомасы 585 миллион теңге облигациялар бойынша купондық сыйақы төленді.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ қаржы нарығында 2000 жылдың желтоқсанынан бастап жұмыс істеп келеді.
Компания пайыз мөлшерлемесін төмендету жолымен несиеге тұрғын үй сатып алу үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы Қазақстан Республикасы ауқымында ипотекалық несиеге қол жетімділікті арттыруға бағытталған. ҚИК қызметінің негізгі бағыты ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар, тұрғын үй жөндеу жұмыстары мен құрылысқа, сонымен қатар өз жеке меншік бағалы қағаздарын (облигациялар) шығару арқылы тартылған қаражат есебінен ипотекалық ұйымдармен және екінші деңгейлі банктермен берілген коммерциялық жылжымайтын мүліктерді сатып алу бойынша берілген несиенің талап ету құқықтарын сатып алу болып табылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ипотекалық облигацияларды 2002 жылдан бастап шығарады. Компанияның негізгі акционері қаржы министрлігі атынан Қазақстан Республикасы үкіметі болып табылады.