![]() |
|
|
|
|
|
Маусым
"ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН" Алматы.
17.06.2010 жыл ҚИК «мерзімі өткен» қарыздарды ипотекалық несиелердің жалпы санынан 1,5%-ға дейін қысқартты. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (ҚИК) мерзімі өткен берешегі бар қарыздарды қайта құрылымдау бойынша акциялардың қолданыстағы 3 ай ішінде «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ-ымен жалпы сомасы 979,5 млн. теңгені құрайтын (ағымдағы 147,1/$1) 172 өтініш мақұлданды, - деп хабарлайды Компания. Компания ақпараттарына сүйенсек, 2010 жылғы 16 маусымдағы нәтиже бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар саны ипотекалық несиелердің жалпы санынан 2,6%-дан 1,5%-ға дейін, 1,1%-ға кеміді.Сонымен қатар, барлық қарыздар санының шамамен 27%-ы берілген Алматы қаласында мерзімі өткен берешегі бар қарыздар саны 1%-ден 0,4%-ға дейін 0,6%-ға кеміді. Республиканың басқа аймақтарында 1,6%-дан 1,1%-ға дейін 0,5%-ға кеміді. ҚИК 2010 жылғы 16 наурызда мерзімі өткен қарыздары бар қарыздарды қайта құрылымдау бойынша акция жариялады. Ол ағымдағы жылдың 01 қыркүйегіне дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімге дейін берешегі бар қарыз алушылар айыппұл санкциясы есептелінбейтін баламалы (ұзартылған) нұсқасының қосымша өтеу кестесін алу үшін өтініш жаза алады. Мерзімі өткен берешегін уақытша төлеу қабілеті жоқ екендігі құжат жүзінде расталған қарыз алушылардың қалауы бойынша 36 ай мерзімге дейін капиталға айналдыруға немесе амортизациялауға және төлемақы өсімін есептен шығаруға болады. Өте қажет болған жағдайда, қарыз алушыға 1 жылға дейінгі мерзімге төлем мерзімін ұзартуды ұсынуға болады. Қазіргі уақытта «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ында 24 мыңдай азамат тұрғын үй қарыздарын алды. ҚИК қаржы нарығында 2000 жылдан бастап істеп келеді. ҚИК 2010 жылы «ҚазИпотека» ИҰ» АҚ еншілес ұйымымен қосылу арқылы қайта құрылды және тұрғындарға тікелей ипотекалық несие беру құқығын беретін ипотекалық ұйым мәртебесін алды. ҚИК қызметінің негізгі бағыты ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар, тұрғын үй жөндеу жұмыстары мен құрылысқа, сонымен қатар өз жеке меншік бағалы қағаздарын (облигациялар) шығару арқылы тартылған қаражат есебінен ипотекалық ұйымдармен және екінші деңгейлі банктермен берілген коммерциялық жылжымайтын мүліктерді сатып алу бойынша берілген несиенің талап ету құқықтарын сатып алу болып табылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ипотекалық облигацияларды 2002 жылдан бастап шығарады. Компанияның негізгі акционері қаржы министрлігі атынан Қазақстан Республикасы үкіметі болып табылады. «КУРСИВ» Республикалық іскерлік апталығы 10.06.2010 жыл http://www.kursiv.kz/bank_fin/1195203985-kik-s-rejtingom.html ҚИК РЕЙТИНГІМЕН Максим МАКУШИН Қазақстан қор биржасының листингтік комиссиясы (KASE) шешімімен «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ (ҚИК) облигациялары 2010 жылдың 10 маусымынан бастап «Рейтингтік бағалаусыз борыштық бағалы қағаздар» санатынан «Рейтингтік бағалаумен борыштық бағалы қағаздар» санатына ауыстырылды. Ауыстыру «Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» АҚ (ААҚО РА) рейтингтік комитетімен Компания облигацияларының барлық шығарылымы бойынша рейтингтер беруімен байланысты іске асты. ҚИК 2010 жылғы маусымға жоспарлаған жалпы сомасы 1,04 млрд. теңгеге купондық сыйақы төлеуді аяқтады. ҚИК қаржы нарығында 2000 жылдан бастап істеп келеді. ҚИК 2010 жылы «ҚазИпотека» ИҰ» АҚ еншілес ұйымымен қосылу арқылы қайта құрылды және тұрғындарға тікелей ипотекалық несие беру құқығын беретін ипотекалық ұйым мәртебесін алды. ҚИК қызметінің негізгі бағыты ұзақ мерзімді ипотекалық қарыздар, тұрғын үй жөндеу жұмыстары мен құрылысқа, сонымен қатар өз жеке меншік бағалы қағаздарын (облигациялар) шығару арқылы тартылған қаражат есебінен ипотекалық ұйымдармен және екінші деңгейлі банктермен берілген коммерциялық жылжымайтын мүліктерді сатып алу бойынша берілген несиенің талап ету құқықтарын сатып алу болып табылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ипотекалық облигацияларды 2002 жылдан бастап шығарады. Компанияның негізгі акционері қаржы министрлігі атынан Қазақстан Республикасы үкіметі болып табылады. |

|
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 98 Call-centre: +7 (727) 344-12-22, Tel/fax: +7 (727) 344-13-00 Skype: kik_callcentre E-mail: kmc@mail.online.kz |
Neolabs Web Solution студиясымен құрастырылған |
