RU KZ

Шілде

NEWSKAZ.RU
13.07.2011
Владислав ВОДНЕВ
ҚИК ипотекалық несие беру шарттарын жеңілдетті

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үйді сатып алуға және көп пәтерлі тұрғын жайлардың құрылысына үлестік қатысуға несие беру шарттарын өзгертті, деп компанияның баспасөз-қызметі хабарлайды.
Сенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында көбінесе, осы аталған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 1%-ға - жылдық 13,5%-ға дейін төмендеді деп ескертіледі. Жылдық тиімді мөлшерлемесі де 1,5%-ға - 13,99-ға дейін астамға төмендетілді.
Сонымен бірге Компания жеке тұрғын үй құрылысына 16,5%-ға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 17,71%), коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға – 15,5%-ға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі –16,6%), тұрғын үйді жөндеуге – 17%-ға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 17,85%), коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеуге – 16%-ға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 17,18%) және тұтынушылық несиелерге – 17,5%-ға (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 18,86%) ипотека қарыздарын береді.
Сонымен қатар К/К (кепіл коэффициенті) көрсеткішінің бастапқы мәні тұрғын үйді, коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жеке тұрғын үй құрылысына арналған несиелер бойынша - 70%-дан кем емес, тұтынушылық қарыздарды алуға, тұрғын үйді және коммерциялық жылжымайтын мүлікті жөндеуге арналған несиелер бойынша - 50%-дан кем емес болатындығы атап көрсетіледі.