![]() |
|
|
|
|
Қазақстан Ипотекалық Компаниясы купондық сыйақыларды төледі
2006 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы келесі шығарылымдар бойынша купондық сыйақыларды төледі:
- компанияның облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың бірінші шығарылымы бойынша (ҰБН KZPC1Y03B142, Биржалық Кеңестің шешімі бойынша 2005 жылдың 14 сәуірінде Биржаның «А» дәрежелі ресми тізіміне кірген, айналымға енген күні - 2005 жылдың 1 наурызы) - 74 823 000 теңге көлемінде; - компанияның облигациялық бағдарламасы аясында облигацияларды екінші шығарылымы бойынша (ҰБН KZPC2Y05B145, Биржалық Кеңестің шешімі бойынша 2005 жылдың 14 сәуірінде Биржаның «А» дәрежелі ресми тізіміне кірген, айналымға енген күні - 2005 жылдың 1 наурызы) - 18 492 500 теңге көлемінде. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ арнайы бағдарламасына өзгертулер енгізілді
ҚР 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарлама аясындағы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арнайы бағдарламасы бойынша кезектен тыс өтеуге қойылған мараторий алынып тастады. Бұл өзгерту 2006 жылдың 9-шы маусымынан кейін берілген ипотекалық несиелерге қарасты.
Ипотекалық несиелер нарығында алаяқтық жиі орын табуда
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ несиелер алу барысында алаяқтық орын табуына байланысты республика азаматтарын сақ болуға шақырады. Осы ретте компанияның бағдарламалары бойынша несие алуға бел буғандар Қазақстан Ипотекалық Компаниясы клиенттермен тікелей жұмыс істемейтінін, тек қана серіктес банктер арқылы несие беретінін есте сақтауы керек. Яғни Қазақстан Ипотекалық Компаниясы клиенттермен тікелей келісім-шартқа отырмайды.
Қандай да бір сұрақтарыңыз пайда болса, компанияның мына телефонына қоңырау соғыңыз: 8 (327) 272 62 62. 2006 жылдың тамыз айының ауытқымалы котировкалық мөлшерлемесі белгіленді
Басқарма шешімі бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ 2006 жылдың тамызының ауытқымалы котировкалы мөлшерлемесі келесідей көлемде бекітілді: өткен 12 ай бойынша (8,7%) жылдық инфляцияға компанияның спрэді 0,9% көлемінде қосылды (жылдық 9,6%).
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ компания облигацияларының екінші шығарылымының...
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Басқармасының компания облигацияларының екінші шығарылымы (ҰБН – KZ2CKY10A853; номиналды бағасы - 1 теіге; айналым көлемі - 2,4 млрд. теңге; Қазақстандағы инфляция деңгейіне тәуелді жартыжылдық купон, үстіміздегі жылдың купондық кезеңінде жылдық 10,70%) Проспекттісінің 22 бөліміне сәйкес 2006 жылдың 1 қазанында бірқалыпты табыс мөлшерін қайта қарауға құқығы бар. Осы құқықты пайдалана отырып, Басқарма мүшелері аталмыш шығарылым бойынша бірқалыпты табыс мөлшерін 0,8% көлемінде белгілеп отыр.
Компания «Қазақстанның Индустриалды Банкі» АҚ ортақ қызметін тоқтатады
2006 жылдың 1 шілдесінен бастап «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ «Қазақстанның Индустриалды Банкі» АҚ ортақ қызметін тоқтатады және Бас келісім-шартты бұзады.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ «Валют-Транзит Банкі» АҚ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары...
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ «Валют-Транзит Банкі» АҚ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға уақытша мараторий жариялайды, оның ішіне тұрғын үйді жөндеуге және салуға арналған несиелер де кіреді.
2006 жылдың маусым айының ауытқымалы котировкалы мөлшерлемесі белгіленді
2006 жылдың маусым айының ауытқымалы котировкалы мөлшерлемесі белгіленді
Жаңа ипотекалық несие
2006 жылдың 1 маусымынан бастап «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ пайыздық мөлшерлемесі бірқалыпты жылдық 13% құрайтын жаңа ипотекалық несие бағдарламасын жүзеге асырады. Несие тұрғын үйді сатып алуға, жөндеуге және салуға беріледі. Несие мерзімі – 20 жыл, валютасы – ұлттық теңге. Несие алушының жақын туысқандары ортақ несиегерлер бола алады.
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ еліміздің қаржы нарығында 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін 16 000 астам несие берілген. |

|
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қаласы, Қарасай батыр к-сі, 98 Call-centre: +7 (727) 344-12-22, Tel/fax: +7 (727) 344-13-00 Skype: kik_callcentre E-mail: kmc@mail.online.kz |
Neolabs Web Solution студиясымен құрастырылған |
