RU KZ

Бағдарлама туралы
ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама аясындағы Арнайы бағдарлама
• Бағдарлама туралы
• ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
• Несие алу шарттары
• Құжаттар топтамасы
• Қол жетімді тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдармен сату ережесі

Бағдарлама туралы
«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ ипотекалық несие берудің Арнайы бағдарламасы дайындалды және 2004 жылы қабылданды. Осы бағдарлама ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылады. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ ҚР тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қолжетімді тұрғын үйді іске асыруда қаржылық оператор рөлін атқарады. Арнайы бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға республика азаматтарына беріледі. Аталған бағдарлама Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды.
Тұрғын үй сатып алуға басым құқық мыналарға:
1. Балалары бар жас отбасыларына;
2. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне;
3. Әлеуметтiк сала мемлекеттік кәсiпорындарының қызметкерлерiне беріледi.

2006 жылғы бірінші жарты жылдық ішінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы
Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 373 қарыз алушы бойынша 3 397 764 мың теңге сомаға немесе жоспардан 34% көп талап құқықтары сатып алынды (Компанияның ҚШҚ жоспары бойынша 1 жарты жылдыққа 2 540 742 мың теңге қарастырылған).
Мемлекеттік бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында компаниямен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға барлық қатысушылардың өзара әрекеттестігін оңтайландыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ және банк-серіктермен Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша меморандум жасалды. Халыққа ақпарат беруді жоғарылату мақсатында компаниямен әрдайым түсіндіру және кеңес беру жұмыстары, сондай-ақ Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында пайда болған проблемалық мәселелерді жинау бойынша жұмыстар жүргізілуде, бас кеңсе қызметкерлерінің аймақтарға баруы арқылы жұмысты бақылау мен талдау жүргізіледі. Ағымдағы жылы келесі аймақтарға бару жүзеге асырылды:

1. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент қаласы);
2. Шығыс Қазақстан (Семей қаласы);
3. Қостанай (Қостанай қаласы);
4. Алматы (Талдықорған қ., Жаркент);
5. Ақтөбе (Ақтөбе қаласы);
6. Атырау (Атырау қаласы);
7. Солтүстік Қазақстан (Петропавл қаласы);
8. Жамбыл (Тараз қаласы).
Сонымен қатар Мемлекеттік бағдарлама аясында қолжетімді тұрғын үйді жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Компаниямен және банк-серіктестермен Ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша келісімге қол қойылды, онда тараптар ақысыз негізде азаматтардың төлем қабілеттілігіне алдын ала талдау жүргізуге және кеңес беруге, сондай-ақ қарызды ресімдеу үшін қарыз сомасынан 0,5 % дейін комиссия мөлшерін төмендету жөнінде келісімге келді. Компания «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында, Компания тұрақтылық негізде банк-серіктестермен кездесулер ұйымдастырады, ұйымдастыру барысында ипотекалық қарызды алу үрдісін жеңілдету және тұтынушыға пайыздық салмақты төмендету мәселелері қарастырылады.
Компания бірнеше банк-серіктестермен бірге «Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қол жетімді ипотекалық несие беруді қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум» қол қойды. Тараптар қол қою барысында төмендегілер туралы: :
- тұрғындардың басым көпшілігі үшін қамтамасыз ету бойынша тұрақтылық негізде жұмыстар жүргізуге;
- ипотекалық несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау бойынша жұмыстар жүргізуге;
- ипотекалық тұрғын үй несиесін беру үрдістерін жеңілдетумен және тиісті тарифтерді төмендетумен байланысты іс-шаралар жүргізуге;
- ипотекалық нарық субъектілеріне жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ тұрғындар үшін түсіндіру-жарнамалық іс-шараларды үдейтумен байланысты өзара түсіністікке келді.


Несиені алу шарттары
Несие беру валютасы – теңге;

Сыйақы мөлшерлемесі – 10% (несие берудің барлық мерзіміне тіркелген);

Алғашқы жарна – тұрғын үй құнының 10% кем емес;

Несие беру мерзімі – 20 жылға дейін.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БЕРІЛЕТІН ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗЫН РЕСІМДЕУ ҮШІН ҚАРЫЗ АЛУШЫМЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ

Несие шартына қой қойылғанға дейін ұсынылатын міндетті құжаттар:
1. Белгіленген нысан бойынша қарыз алушымен қол қойылған өтініш-сауалнама.
2. Қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының тұрғылықты жерінен анықтама (үй кітапшасының көшірмесі немесе мекенжай бюросының көшірмесі).
3. Қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының жеке куәлігі (көшірмесі).
4. СТН куәлігі (көшірмесі).
5. Некеге тұру туралы куәлік көшірмесі немесе қарыз алушының өтініш беру кезінде некеде тұрмағандығы, баласы жоқтығы туралы (ол болмаған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшірмесі (түпнұсқасы);
6. Жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған қарыз алушының (қосалқы қарыз алушы) еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі.
7. Қарыз алушының (қосалқы қарыз алушы) (бар болған кезде) негізгі және қосалқы жұмыс орнынан немесе қарыз алушының (қосалқы қарыз алушы) басқа кірістері бар болса оны алу орны бойынша куәландырылған анықтама.
8. Несие қаражатына сатып алынған тұрғын үйдің сатылуына және кепіл затының соттан тыс іске асырылуына жұбайының және отбасының басқа да кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің, сондай-ақ отбасының кәмелеттік жасқа толмаған мүшелерінің мүддесіне асырап алу және қамқорға алу органдарының (заңнамамен қарастырылған жағдайларда) нотариалды куәландырылған келісімі.
9. Компанияның сұрау салуы бойынша қажеттілігіне қарай – жүргізілген зейнетақы аударымдары туралы зейнетақы қорынан анықтама.
Егер қарыз алушы заңды тұлға құрамайтын кәсіпкер болатын болса, ұсынуға қажетті қосымша құжаттар:
1. Жиынтық жылдық кіріс туралы салық комитетінен анықтама.
2. Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі және патенп көшірмесі.
Кепілгер немесе кепілдік беруші болған кезде қажетті қосымша құжаттар:
1. Банкпен міндетті түрде кепіл шартын жасау талаптарымен заңды немесе жеке тұлғаның кепіл/кепідік беруі.
2. Кепілгер (кепіл беруші) жеке куәлік көшірмесі.
3. Егер кепілгер немесе кепілдік беруші жеке тұлға болатын болса, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек шарты немесе еңбек кітапшасының көшірмесі, еңбек жалақысы туралы анықтама.
4. Егер кепілгер/кепілдік беруші заңды тұлға болатын болса – жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан алынған нотариалды куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ қарызды ұсынудың алдында соңғы есептілік күнге дебиторлық және несиелік берешектердің шифрын ашу, пайда мен залал туралы есеп және теңгерімнің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Жергілікті атқарушы органдармен қол жетімді тұрғын үйді іске асыру Ережесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 01 қыркүйектегі N 923
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аясында салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату Ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру аясында салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына ұсынылатын сату Ережесi бекiтілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарына:
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді сатуды жүргізу;
2) тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тұрғын үйді сату бойынша ақпараттарды ұсынады.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Д. АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 01 қыркүйектегі N 923
қаулысымен
бекітілген

Жергілікті атқарушы органдармен қолжетімді тұрғын үйлерді іске асыру ережелері
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 923 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйдi сатуды жүргiзсiн;
2) тоқсан сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей тұрғын үйдi сату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiкке меншiк құқықтарын тiркеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Д.К. АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 923 қаулысымен
Бекiтiлген
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi
атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын
үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған
тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату
ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде республикалық бюджеттен қайтарымды негiзде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына бөлiнетiн қаражат есебiнен салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату тәртiбiн анықтайды.
2. Тұрғын үй-коммуналдық мәселелер жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық уәкілетті жергілікті мемлекеттік органдар (бұдан әрі - Уәкілетті орган) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен тұрғын үйді сату туралы ақпаратты таратады.
3. Жарияланғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтары Уәкілеттi органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініштер береді.
4. Уәкілеттi орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиiстi екiншi деңгейлі банкке не банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға (бұдан әрi - қарыз берушi) өтiнiштер берген Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөнiн және осы азаматтар үмiткер тұрғын үй туралы ақпаратты ұсынады.
5. Қарыз берушi 12 (он екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілiгiн анықтайды және төлем қабілеттілiгiн анықтағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Уәкiлеттi органға қарыз берушi қарыз берудi жоспарлап отырған азаматтардың аты-жөнiн бередi.
6. уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Төлем қабілеттілігі қарыз берушілермен расталған азаматтарға тұрғын үй сату туралы шешім қабылдайды.
Тұрғын үй сатып алу үшін басым құқыққа мыналар ие болады:
1) балалары бар жас отбасыларға;
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне;
3) әлеуметтiк сала мемлекеттік кәсiпорындарының қызметкерлерiне беріледi.
8. Қазақстан Республикасының Азаматы Қарыз берушімен банктік қарыз шартына отырады, онда Қазақстан Республикасының азаматында 3 (үш) жыл ішінде мерзімінен бұрын өтеу құқығының болмауы туралы талаптар қойылады.
9. Мыналар қаржыландыру көзi бола алады:
1) мынадай параметрлерi бар ипотекалық қарыздар:
сыйақы мөлшерлемесі қарыздың бүкiл мерзiмiне жылдық 10 (он) пайызға дейiн;
қарыз мерзiмi 20 (жиырма) жылға дейiн;
бастапқы жарнасы кемiнде 10 (он) пайыз;
2) тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесiнiң тұрғын үй қарыздары